Атыраудағы қолайсыз ауа райы: өңірде жедел штаб құрылды
© Сурет: видеодан алынды/ Facebook, Султан Гизатуллин
14 желтоқсанға қараған түні Атырау облысында циклон жүріп, ауа райы күрт нашарлап кетті. Облыс әкімінің төрағалығымен барлық қызметтердің жұмысын үйлестіру бойынша жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті атқарушы органдар мен аудандардың қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, өңірдегі ахуалға тәулік бойы мониторинг жүргізілуде, деп хабарлады Атырау облысының әкімдігі.
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы 14 желтоқсанда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Қазіргі уақытта келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелері жабық:
- Атырау – Орал тас жолы;
- Атырау – Ақтөбе тас жолы;
- Атырау – Доссор – Бейнеу бағытындағы автожол.
"Бұл шектеу боран, қатты жел және жолдың көктайғақ болуы салдарынан көлік қозғалысы үшін қауіпті жағдайлардың туындауына байланысты қабылданды. Осыған орай, Атырау облысының полиция департаменті жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушыларды алыс жолға шықпауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ ауа райы жақсарғанға дейін уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады", делінген полиция хабарламасында.
Қатты жел салдарын жою үшін "Алатау Жарық" ЖШС-ның апатты және қайта қалпына келтіру бойынша 25 бригадасы жұмыс істеуде. "Атырау-Жарық" ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, Береке ықшам ауданы, Қара өзен ауданы, Береке ауылының саяжай аймағы, сондай-ақ қала маңындағы Алмалы ауылының жекелеген көшелері жарықсыз қалды. Бұған желдің қатты екпініне байланысты электр сымдарының үзілуі түрткі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





