Қазақстан жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
© Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы медальдық есепте қазақстандық команда 45 мемлекеттің ішінде 5-орынға тұрақтады.
Аталған жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Жарыс барысында пара жүзуден 34 медаль, пара қол күресінен 11 медаль, пара үстел теннисінен 7 медаль, пара жеңіл атлетикадан 6 медаль және пара пауэрлифтингтен 6 медаль қолға түсті.
Сонымен қатар голболдан ұлттық құрама алтын медальға, боччадан күміс медальға, ал пара таеквондодан бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді. Пара садақ атудан Қазақстан атынан бір спортшы қатысып, бұл спорт түрі бойынша жүлде тіркелген жоқ.
"Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында еліміздің спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. Бұл жетістік – мемлекеттік қолдаудың, бапкерлер мен медициналық персоналдың, сондай-ақ ата-аналардың бірлескен еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, бұл ойындар жас спортшылар үшін халықаралық аренада тәжірибе жинауға, халықаралық классификациядан өтуге және өз нәтижелерін одан әрі жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды жарыс болды", – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының спорт басқармасының басшысы Қайрат Сейтбеков.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары 10–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтті. Жарысқа 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Бұған дейін Дубайда өткен әлем чемпионатында отандық боксшылар қанша табыс тапқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:18, 24 қаңтар 2026
Кедендегі даулы іске қатысты экс-шенді Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды
-
10:18, 24 қаңтар 2026
Кедендегі даулы іске байланысты шетелде қашып жүрген экс-шенді Қазақстанға экстрадицияланды
-
09:58, 24 қаңтар 2026
АҚШ елшілігі қазақстандықтарға ерекше ұсыныс жасады
-
09:46, 24 қаңтар 2026
Касса және чек шығару: Қазақстанда фискалдау тәсілдері қандай өзгеріске ұшырады
-
09:37, 24 қаңтар 2026
Абу-Дабида АҚШ, Ресей және Украина өкілдерінің үшжақты форматтағы алғашқы кездесуі өтті





