Трамптың қолқалауымен Лукашенко 123 шетелдікке рақымшылық жасады
© Сурет: akorda.kz
Беларусь президенті Александр Лукашенко тыңшылық, террористік және экстремистік әрекеттері үшін сотталған 123 шетелдікке рақымшылық жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шешім жайлы Беларусь президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 123 адамға рақымшылық жасау Дональд Трамппен арада жасалған келісімдердің арқасында мүмкін болды.
"АҚШ президенті Дональд Трамппен қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде және оның өтініші бойынша АҚШ-тың бұрынғы президенті Байден әкімшілігі енгізген Беларусь Республикасының калий саласына қарсы заңсыз санкциялардың байланысты және Беларусь Республикасына қарсы басқа да заңсыз санкциялардың күшін жою процесінің практикалық кезеңіне өтуіне байланысты мемлекет басшысы әртүрлі елдердің 123 азаматына рақымшылық жасау туралы шешім қабылдады. Олар Беларусь Республикасының заңдарына сәйкес әртүрлі бағыттағы қылмыстар, мәселен тыңшылық, террористік және экстремистік әрекеттер жасағаны үшін сотталғандар", делінген хабарламада.
"Бұл шара басқа мемлекет басшыларының өтініштеріне байланысты және гуманитарлық қағидаттар мен жалпыадамзаттық және отбасылық құндылықтарға сүйене отырып жүзеге асырылды" делінеді.
"Ол Беларусь Республикасының әріптес елдерімен қарым-қатынастардың оң даму қарқынын жеделдетуге және тұтастай Еуропалық аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мүддесіне бағытталған".
Соңғы уақытта Беларусь президентінің қараша айының соңында қабылдаған шешімдерін ескере отырып, рақмышлыққа ілінген шетелдіктердің жалпы саны 156 адамды құрайды. Олардың ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Литва, Украина, Латвия, Австралия, Жапония азаматтары да бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





