«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
© Сурет: Instagram/nazym_kyzaibay09
Үш дүркін әлем чемпионы, танымал боксшы Назым Қызайбай жеке бокс залын ашпақшы. Осы мақсатына жету үшін ол Олимпиададан кейін сыйға алған көлігін сататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы танымал боксшы қыз Instagram-дағы парақшасында жазды.
"2025 жылға қойған жоспарларым көп болды, шүкір, соның бәріне жеттім. Бірақ мен үшін ерекше маңызды үш үлкен мақсат бар еді. Біріншісі — үш дүркін әлем чемпионы атану. Екіншісі — ата-анама үлкен үй сыйлау. Үшіншісі — өзімнің бокс залымды ашу. Осы мақсаттардың екеуі орындалды. Үш дүркін әлем чемпионы болдым, оған қоса осы жылы екі әлем чемпионаты болғандықтан, өз рекордымды жанартқым келді, бірақ екіншісінде күміс алдым. Осылайша , Әлем чемпионатында толық комплект (үш алтыр, бір күміс, бір қола медаль) болды. Отбасыма үлкен уй де алдым, бәрі мәз…Өзімді мақтап қойяын да. Жыл аяқталуға жақын, сондықтан үшінші арманымды да биыл жүзеге асырғым келеді. Қазір шағын ғимаратты қарастырып қойдым, ұнап та тұр, соған байланысты бір хабарландырумен бөліскім келеді. Өзімнің әдемі көлігімді сатамын. Бұл көлік маған Олимпиададан кейін сыйға берілген, бір жылдан аса уақыт міндім, жағдайы жақсы", деп жазды спортшы желіде.
Айта кетсек, бұған дейін Назым Қызайбайға Zeekr, Mini Cooper және Lixiang L7 маркалы су жаңа автокөліктер сыйға тартылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады
-
15:34, 14 желтоқсан 2025
Жөйттер мерекесі кезінде Австралиядағы жағжайда атыс-шабыс болды





