Астанада 400 оқушы хормен патриоттық әнді шырқады

10:33, 23 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Елордадағы № 50 мектеп-лицейінің оқушылары Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнін орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana TV телеарнасының ақпаратынша, мектептер арасындағы "Туған елім — Қазақстаным" эстафетасына олар екі апта бойы дайындалған.

Астанада 400 оқушы хормен патриоттық әнді шырқады , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 10:33

Сурет: astanatv.kz

Хор құрамына 205 төртінші және 195 сегізінші сынып оқушылары қатысты. Мектеп белсенділерінің арасында ағалы-қарындасты Абдурахим мен Хадиджа бой көрсетті.

"Мұндай патриоттық эстафетаға бей-жай қарай алмадық", – деді олар.


Бұған дейін Президенттің Республика күні қарсаңында ғалымдарды, құтқарушыларды және өндіріс қызметкерлерін марапаттағаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!