СҚО-дағы екі баланың өлімінен кейін, медбикеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

11:27, 23 қазан 2024

© Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстанда уланып, өлім құшқан балалардың оқиғасынан кейін медбикеге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған медицина қызметкерінің міндеттерін тиісінше орындамағаны туралы бап бойынша тергеу басталды. Бұл Надежка ауылында болған істің жалғасы. Қайтыс болған ұл үш жаста, қыз жеті жаста болған.

"Петропавловск.news" ақпаратынша, көрсетілген ем-шараның жақсы көрсеткіштерінен кейін 28 жастағы ана мен екі бала үйлеріне қайтарылған. Алайда, екі бала бақилық болды. Бастапқыда тұшпарадан уланды деген нұсқа болды, бірақ ол расталмады.

"Тергеу жүргізілуде",-деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, қайғылы оқиға Қызылжар ауданы Надежка ауылында болды. Уланған 1996 жылы туған ана және оның 2014 ж, 2017 ж және 2021 жылы туған балалары Петропавл облыстық ауруханасына жеткізілді. Кейінірек екі бала, 3 жасар ұл және 6 жасар қыз қайтыс болған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!