Алматылық дәрігерлер жасанды интеллекттің қатысуымен бірегей ота жасады

11:47, 23 қазан 2024

© Фото: primeminister.kz

22 қазанда Алматыда жасанды интеллекттің қатысуымен бірегей ота өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Khabar NEWS мәліметінше, Алматының №4 клиникалық ауруханасының дәрігерлері роботтандырылған ассистентпен бірлесіп 58 жастағы науқастың тізе буынын сәтті ауыстырған. Хирург Манарбек Әубәкіровтың айтуынша, 10 жыл бойы ауыр деформацияланатын гоноартроздан зардап шеккен әйел алдағы күндері аяғын тік басып жүре алады.

Операцияда роботты қолдану дәрігерлерге берілетіні белгілі болды:

Роботты қолдану арқылы жасалатын отаның артықшылықтары:

  • пациенттердің аз жарақаттануы;
  • науқастың тез қалпына келуі;
  • қайта операция жасау қаупін азайту;
  • эндопротездерінің асқынуын алдын алу.
"Бұл операциялар МӘМС аясында тегін жүргізіледі", – деді Алматы қаласының №4 Қалалық клиникалық ауруханасының директоры Елдос Сүгір.

Бұған дейін СҚО-дағы екі баланың өлімінен кейін, медбикеге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!