Пышақпен және тапаншамен қорқытқан: Қарағанды ​​облысында депутат қамауға алынды

22:39, 22 қазан 2024

© Сурет: pxhere

21 қазан күні Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылында бейтаныс азамат ішімдік ішіп алып, 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерімен күдікті анықталып ұсталды. Оның 38 жастағы аудандық мәслихаттың депутаты екені белгілі болды. Күдіктіге қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік хаттама толтырылып соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің "Қорқыту" және "Атыс қаруын заңсыз ұстау" бабтарымен қылмыстық іс қозғалды.

"Жәбірленушінің айтқан арыздарының барлығы жан-жақты тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында".Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!