Астанада құны бірнеше пәтерге тең сағаттар ұрланды
© Сурет: wikimedia
Полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар екі адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 2024 жылдың басында болған. Қаскүнемдер үй иесінің жоқтығын біліп, кілт таңдау арқылы оның пәтеріне кірген.
Жаңа жылдық демалыстан соң үйіне оралған астаналық тұрғын сейфінің ашылғанын байқаған.
Одан құны 110 мың АҚШ доллары болатын Breguet Tourbillon, әрқайсысының бағасы 55 мың доллар Franck Muller және Daniel Roth, сонымен қатар мың долларлық Rado сағаттары ұрланған.
Одан бөлек, сейфтен 650 мың теңге және 2 200 доллар жоғалған. Полицейлердің жедел жұмысының арқасында күдіктілер құрықталып, олардың кінәсі толық дәлелденді. Сот шешімімен олар әртүрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.
Жаңа жыл қарсаңында елордалық полиция азаматтарға мүлікті қорғау бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:36, 2 қаңтар 2025
Тоқаев Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 2 қаңтар 2025
Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні ер адам электр қосалқы станциясында көз жұмды
-
15:57, 2 қаңтар 2025
Түркістандық полицейлер боранды күні жолда қалған 60 көлікке көмек көрсетті
-
15:34, 2 қаңтар 2025
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: әуежайда тінту жүргізілді
-
15:00, 2 қаңтар 2025
2 қаңтардағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары