Астанада көше ортасында экскаватор түгі қалмай өртеніп кетті

19:50, 17 сәуір 2024

© Сурет: Instagram/astanovka98

Астанада 17 сәуірде Қабанбай батыр көшесі бойында экскаватор өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрттің салдарынан көлік қозғалысы тежеліп, куәгерлердің бірі өртті сөндіруге тырысты.

Астана қалалық ТЖД Zakon.kz сайтына оқиға орнына сағат 17:30-да өрт сөндірушілер келіп жеткенін, өрттен ешкім зардап шекпегенін жеткізді.

"Өрт сағат 17:37-де оқшауланып, 17:49-да толығымен жойылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 адамы және Астана қаласы ТЖД-ның екі техникасы жұмылдырылды", - деді ведомстводан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!