Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ салонында түсірілген кадрлар тарады

18:12, 25 желтоқсан 2024

© Фото: zakon.kz

Желіде бүгін, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтауда апатқа ұшыраған Әзірбайжан әуе жолдары (AZAL) ұшағының салонынан алғашқы кадрлар жарияланды. Видеода оттегі маскалары түсіп үлгерген, адамдардың айғайлаған дауысы естіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"112" Telegram-арнасының мәліметінше, бұл қысқа видеоны жолаушылардың бірі ұшақта жайсыз бірдеңе басталғанын білген бойда әйеліне жіберген.

Бакуден Грозныйға ұшқан Әзірбайжан әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы 2024 жылы 25 желтоқсанда таңертең Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев ұшақ апатына байланысты Ресейге сапарын тоқтатып, жағдайды жеке бақылауына алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!