Астанада қоқыс өңдеу зауытында 30 шетелдік заңсыз жұмыс істеп келген
© Фото: zakon.kz
Астанада көші-қон заңнамасын бұзу және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілерін анықтауға бағытталған "Заңсыз келуші" жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция қызметкерлері мигранттар жұмыс істейтін нысандарда кешенді рейдтер мен тексерістер жүргізіп жатыр.
Тексеріс нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар әшкереленді. Атап айтқанда, бір жұмыс беруші еңбек қызметіне заңды құқығы жоқ 40-тан астам шетелдік азаматты аула сыпырушы ретінде жұмысқа тартқаны анықталды.
Сондай-ақ қоқыс өңдеу зауыттарының бірінде шамамен 30 мигрантты заңсыз еңбекке қабылдаған кәсіпорынның қызметі тексерілді. Бұдан бөлек, жеке басын куәландыратын және елде болуға құқығын растайтын құжаттары жоқ адамдардың жөндеу жұмыстарын атқарғаны белгілі болды.
Барлық жұмыс берушілер мен заңсыз еңбек еткен шетелдік азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін айыппұл мен өзге де шаралар қарастырылғанын, соның ішінде елден шығару да көзделгенін еске салды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:07, 9 маусым 2026
Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті
-
21:58, 9 маусым 2026
Алматыда полиция жүк тасымалына бақылауды күшейтті
-
21:12, 9 маусым 2026
10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:49, 9 маусым 2026
Қостанай облысындағы трассада болған жол апатынан екі адам қаза тапты
-
20:08, 9 маусым 2026
Алматыда бес жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті





