Астанада 16 қаңтарда аязға байланысты оқушылар мен студенттер үйден оқи береді

19:10, 15 қаңтар 2026

© Фото: zakon.kz

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 16 қаңтарда бірінші ауысымда оқитын білім алушылар қашықтан оқыту форматына көшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім басқармасының 15 қаңтардағы мәліметінше, онлайн оқу 0-11 (12)-сынып оқушыларына, сондай-ақ 9-сынып базасында оқуға түскен колледждердің 1-2 курс студенттеріне енгізіледі. Бұл шара тек бірінші ауысымға қатысты.

Шешім қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты қабылданып, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Оқу процесі қашықтан форматта ұйымдастырылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!