Шығыс Қазақстан облысында полицейлер көлік ұрлаған жас жігітті ұстады

19:51, 15 қаңтар 2026

© Сурет: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан ауласында тұрған ВАЗ-2107 автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Патрульдік полиция взводының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол 21 жастағы азамат болып шықты. Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылды. Облыс тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Полиция азаматтарды көлікті қараусыз қалдырмауға, есіктерді құлыптап, ұрлыққа қарсы қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!