Астанада ер адам жұмыс кезінде серіктесінің телефонын ұрлап алған

15:55, 10 қазан 2024

© Фото: pxhere

Ұрлық шеберлер жөндеу жұмыстарын жүргізген пәтерде орын алған. Жұмысшылардың бірі сыртқа шығып, телефонын терезенің алдында қалдырып кеткен.

Қаскүнем қолайлы сәтті пайдаланып, құрылғыны ұрлап, оқиға орнынан бірден кетіп қалған, содан кейін ол байланысқа шықпаған.

Жедел іс-шаралар барысында Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 53 жастағы ер адамды анықтады. Ол екі бөтелке алкогольдік ішімдік үшін телефонды дүкенге өткізгені белгілі болды.

Материалдық шығын 70 мың теңгеден асты. Полицейлер құрылғыны тәркілеп, иесіне қайтарды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас фактілерге ер адамның қатыстылығы тексеріліп жатыр. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді.

Бағалы заттарды қараусыз қалдырмаңыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!