Қарағанды облысында дала өртінен зардап шеккендерге өтемақы төлеу уәде етілді

© Сурет: Қарағанды облысы әкімдігі
Қарқаралы ауданының шаруа қожалықтарын ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин аралады. Ол дала өртінің салдарын анықтау үшін шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша өрт 35 мың гектарға тараған.
Теректі ауылында бір қыстақ зардап шекті. Шамамен 300 тонна шөп өртенді. Залал толығымен өтеледі.
"Теректі ауылындағы қыстақтардың бірінде 300 тонна шөп өртенді. Қалған қыстақтарда шөптің өртенуі, мал шығыны тіркелген жоқ. Барлық қажетті көмек көрсетіледі", – деді Саят Мусин.
Сурет: Қарағанды облысы әкімдігі
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков, Қарқаралы ауданының басшысы Әділжан Арғыновтың басшылығымен өткен штаб отырысында өрттің салдарын жою үшін қабылданатын шаралар талқыланды.
Ораз Тәуірбеков жиналған фермерлерге облыс әкімінің тапсырмасы бойынша көмек көрсетілетінін, ол үшін арнайы комиссия құрылатынын айтты.
6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөп өртенді. Кейін өрт Павлодар облысына тарап, Баянауыл ұлттық паркінің ормансыз аумағын қамтыды: кейіннен дала өртін оқшаулауға мүмкіндік туды.
7 қазанда ТЖМ Қарқаралы ауданында өртті сөндіру кезінде 24-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Хайрат Хали қаза тапқанын, тағы төрт адам зардап шеккенін хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:25, 14 мамыр 2025
Кейбір қазақстандықтарға ChatGPT-ді қолдануға тыйым салынды
-
19:01, 14 мамыр 2025
Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Венгрияға есе жіберді
-
18:50, 14 мамыр 2025
Президент сыны: Бектенов кеңес өткізді
-
18:42, 14 мамыр 2025
Петропавлдық зейнеткер екі пәтерін сатып, бар ақшасынан айырылып қала жаздады
-
18:31, 14 мамыр 2025
Қазақстанда ҰБТ өткізу мерзімі өзгерді