Әскердегі суицид: командирлерге қандай жаза қолданылатыны айтылды
© Сурет: Zakon.kz/Мадина Мамырханова
Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғұлин 2024 жылы 9 қазанда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында әскери қызметшілер арасындағы суицид оқиғаларына егжей-тегжей тоқталып өтті. Сөз етілген фактілердің барлығы қыркүйек айында тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Руслан Жанғұлин Алматыда келісімшарт бойынша әскери борышын өтеп жатқан сарбаз алдын ала себептерге байланысты отбасылық-тұрмыстық жанжалдар негізінде өзіне қол салғанын айтты.
"Бұл факт бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ІІМ әскери-тергеу басқармасының уәкілетті органының бақылауында. Нақты мәліметтерді сол арадан алуға болады", - деді ол.
Петропавлда да, оның айтуынша, алдын ала мәліметтер бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарушы өз-өзіне қол жұмсаған.
"Бұл факт бойынша біз ішкі қызметтік тергеу жүргіздік. Ол артына хат жазып қалдырған. Суицид әскери бөлімнің немесе әскери мекеменің орналасқан жерінен тыс жерде болған. Оның денесі тұрғын үйлердің бірінің подъезі алдында табылды. Аталған факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды", - деді Жанғұлин.
Арыстағы да келісімшарт бойынша әскери қызметін өткерушінің өлімі суицид деп сендіреді ол.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, отбасылық тұрмыстық жанжал, яғни әкесімен болған араздық кесірінен ол өзін-өзі атқан. Қазір бұл әскери қызметші Астанадағы әскери-клиникалық госпитальда емделуде. Оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.
Оның мәліметінше, Қарулы Күштер, әскери құралымдар қатарында болып жатқан әрбір факт бойынша мұқият тергеу шаралары жүргізілуде.
"Қылмыстық істер қозғалады, барлығын әскермен байланысы жоқ ІІМ әскери-тергеу басқармасы тексереді. Әрбір факт бойынша, егер командирлердің кінәсі дәлелденсе, онда олар әкімшілік жауапкершіліктен бастап қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады. Мұндайда кінәлі офицер немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарушы ғана емес, бүкіл әскери бөлімнің, аймақтық қолбасшылықтың, әскер түрлерінің қолбасшылығына дейін жазаланады. Сондай-ақ, қызметтен босатуға дейін қатаң шаралар қабылдануда", - деп түйіндеді сөзін ол.
2024 жылы 9 қазанда Руслан Жанғұлин WhatsApp-та мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналарының чаты не үшін құрылғанын түсіндірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті