Тоқаев пен Бердімұхамедов екі ел арасындағы достықты нығайту туралы декларацияны қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларацияны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар екі елдің делегация мүшелері үкіметаралық, ведомствоаралық және өңіраралық деңгейдегі мынадай құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетудің 2025 – 2027 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы көлік, логистика және транзит саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
4. 1997 жылғы 27 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Түрікменстанның Мәдениет министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
8. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түрікменстанның Министрлер кабинеті жанындағы Бас архив басқармасы арасындағы архив ісі бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
9. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Түрікменстанның Қаржы және экономика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Түркіменстанның Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникация агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Түрікменстанның Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
12. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Түрікменстанның Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникациялар агенттігіне қарасты "Түрікменарагатнашык" агенттігі арасындағы цифрлық даму және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
13. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен Түркіменстанның Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникация агенттігіне қарасты «Түркіменховаёллары» агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
14. Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы әкімдігі мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты әкімшілігі арасындағы 2025 жылға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ықпалдастық туралы ынтымақтастық жоспары;
15. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" ШЖҚ РМК және Түрікменстанның "TDH" мемлекеттік ақпараттық агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
16. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен "Түрікменгаз" мемлекеттік концерні арасындағы газ саласын дамыту бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
17. "ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен "Түрікменнебит" мемлекеттік концерні арасындағы Каспий теңізінің түрікмен секторында мұнай сервисі қызметтерін дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
18. "Қазпошта" акционерлік қоғамы мен "Түрікменпочта" пошта байланысы компаниясы арасындағы халықаралық пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі келісім;
19. "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен "Теңіз сауда флоты" жабық үлгідегі акционерлік қоғамы арасындағы теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
20. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:41, 11 қараша 2024
Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі 11 қарашадағы валюта бағамдары
-
11:25, 11 қараша 2024
Қазақстанда мотоциклдер мен мопедтерден ұлттық парктерге кіру ақысы алынып тасталады
-
11:12, 11 қараша 2024
ҰҚК Жамбыл облысының екі тұрғынын тұтқынға алды
-
10:58, 11 қараша 2024
Қазақстан чемпионы атанған «Қайрат» футбол клубын марапаттау Алматыда өтеді
-
10:39, 11 қараша 2024
Астанада қала маңына қатынайтын үш автобусдың жұмысы тоқтатылды