Ақтауда есірткі қылмысын жасаған азаматтар 10 жылға сотталды
© Фото: zakon.kz
Мамыр айында Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 36 жастағы көкшетаулық екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдіктілердің жалдамалы пәтерлеріне тінту жұмыстарын жүргізу кезінде 415 грамм мефедрон мен 13 грамм кокаин, сондай-ақ есірткіні орауға арналған қажетті құралдар тәркіленді.
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдіктілер есірткі, психотроптық заттарды, өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу дерегі бойынша кінәлі деп танылды.
Оларға 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 18 желтоқсан 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
-
17:51, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Хироши Микитаниді қабылдады
-
17:49, 18 желтоқсан 2025
Қазақстан мен Қатар еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастықты растады
-
17:33, 18 желтоқсан 2025
Абай облысында мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды
-
17:20, 18 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: спринтте үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді





