Атырауда көпбалалы ана өзгенің ақшасын құмар ойынға салып жіберген
© Сурет: freepik
Атырау қаласының тұрғыны өзгенің ақшасын құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау қалалық №2 соты алаяқтық фактісі бойынша көпбалалы ананы кінәлі деп танып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
"Дегенмен сотталушының асырауында кәмелетке толмаған төрт баласының болуына байланысты үкімнің орындалуы үш жыл мерзімге кейінге қалдырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді", делінген сот хабарламасында.
Сотталушы өзінің атына жеке кәсіпкерлікті тіркеп, Атырау қаласы аумағында майлық сүрткісі мен балаларға арналған жөргектер сатумен айналысқан. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, шотына ақша аудартып алған ол кейін өз міндеттемесін орындамаған, яғни тауар жібермеген. Ал одан түскен 500 мың теңгені ол құмар ойынға салып жіберген.
Бұған дейін алаяқтар "Халық заңгері" республикалық акциясының атын жамылып, жұртты алдап жатқаны хабарланған. Акцияны ұйымдастырушылар заңгерлердің тегін кеңесі онлайн жүргізілмейтінін ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:56, 20 мамыр 2026
Тоқаев Қазақстанның Кенияға бидай экспорттауға ниетті екенін мәлімдеді
-
18:46, 20 мамыр 2026
Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды
-
18:36, 20 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто «Қазақстан-Кения» бизнес форумына қатысты
-
18:25, 20 мамыр 2026
Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль иеленді
-
18:12, 20 мамыр 2026
Ұлытау облысында «Адал қоғам: Заң, сана және қауіпсіздік» атты форум өтті





