Депутаттар заңға ұлы тұлғаларды мазақ еткендерді қатаң жазалайтын норма енгізуді ұсынды
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов 2024 жылғы 9 қазандағы пленарлық отырыста қазақ халқының ұлы тұлғаларын қорлауға қатысты пікір білдіріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Абай – кришнайт, Сәкен - сатқын, Мұстафа - қашқын. Ұлы тұлғаларды осылай мазақ ететін жастар көбейген. Депутаттар ел мақтаныштарының ар-намысын аяққа таптағандарды заң алдында жауапқа тартуды ұсынды. Жыр алыбы – Жамбылды "туфли жалағыш", Шәмшіні "арақ ішкіш" деп, батырларымызды – байғұс, тұлғаларымызды – тулақ етіп жатқан мысалдар аз емес. Қазақ поэзиясының таутұлғасы Мұқағали Мақатаевтың аруағына тіл тигізген жігіт елдің есін екеу, түсін төртеу қылды. Халық қалаулылары тұлғалардың бәрі ұлтқа ортақ екенін айтып, тиісті шара қолдану керегін айтты", деп хабарлайды Astana.tv.
"Ел боламын десең бесігіңді түзе!" деген. Ал бесігімізді қандай құндылықтар тербеп жатыр? Елдің ертеңін сеніп тапсыратын ұрпақ қалыптастырамыз десек, үкіметтік деңгейде жеделдетіп Ұлттық құндылықтар жүйесіне арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет". Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов
Сондай-ақ халық қалаулысы балабақшаларда, мектептерде, оқу-ағарту бағытында бұлжымас ұлттық тәрбие мен патриоттық іс-қимыл шараларын жүзеге асырылуы керектігін айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 4 қараша 2024
Жамбыл облысында зират қоршауын қолды қылған күдіктілер ұсталды
-
16:20, 4 қараша 2024
Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
-
16:09, 4 қараша 2024
Ақмола облысының прокурорларымен онкологиялық науқастардың құқықтары қорғалды
-
15:56, 4 қараша 2024
Семейде өртенген сауда үйінің бір бөлігі жолаушылар автобустарының үстіне құлады
-
15:31, 4 қараша 2024
Алматыда 500-ге жуық тұрғын жауапқа тартылды