Азия чемпионаты: Қазақстанның ерлер құрамасы үстел теннисінен тарихи нәтижеге қол жеткізді

17:51, 10 қазан 2024

© Сурет: olympic.kz

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасуда. Турнир аясында Қазақстанның ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін сайысқа түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің құрама Иран елінен келген спортшыларға қарсы ойнады.

Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандық команда жетінші орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстандық спортшылар үш Азия чемпионатында үздік сегіздікке еніп отыр.

Айта кетелік, бұл турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!