«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияевтың өтініші қанағаттандырылмады
© Сурет: Instagram/Талгат Ермегияев
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, сотқа өтініш жолдаған. Өтінішті Алматы қаласының Алатау аудандық соты қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылы 14 шілдеде Алматы облыстық соттың баспасөз қызметі бұл ретте мынандай ақпарат таратты:
"Т. Ермегияевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтініш-талабын қанағаттандырудан бас тартылды".
Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусым айында 780 млн теңге пара алды және аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлады деп танылып, 14 жылға сотталды. Сот оған "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне 6 млрд теңге төлеуге міндеттеді. Экс-шенеунік бүгінде өзіне тағайындалған жазасының 9 жылын өтеген.
2017 жылы түрмеде оған ерекше жағдайлар жасалғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
-
18:11, 16 желтоқсан 2025
Қостанайда көпқабатты үйде жиһаз өртеніп, түтін толған ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды





