Теңіздегі мұнай өндірісінің көлемі жөндеу жұмыстарына байланысты күрт төмендеді

19:42, 18 қараша 2024

© Сурет: pixabay

Теңіз кен орнындағы мұнай өндірісінің көлемі екінші буын зауытында (ЗВП) жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты өндіріс жұмыстарының аракідік тоқтауына байланысты 28-30%-ға төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 18 қарашада ҚР Энергетика министрлігінде хабарлады.

Өндіріс көлемі тәулігіне шамамен 61-63 мың тоннаға төмендеді. Бұған себеп - тексеру барысында 400 қондырғысының Е-401А кәдеге жарату қазандығында тот басу сипатындағы зақымның анықталуы.

Жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың 23 қарашасына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жөндеу шаралары аяқталғаннан кейін өндіріс толық көлемде жұмыс істей бастайды, деп сендіреді құзырлы ведомство.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!