Аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатпақ болған Ақтөбе тұрғыны ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында аса ірі көлемде психотроптық заттарды заңсыз өткізбек болған 28 жастағы қала тұрғынын анықтап, қолға түсірді.
Күдікті есірткі затын байланыссыз тәсілмен, яғни "қойып кету" әдісі арқылы таратуға әрекеттенген. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары одан жалпы салмағы 226 граммды құрайтын синтетикалық тектегі "Альфа-PVP" есірткі затын тәркіледі.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл мөлшер шамамен 500 рет қолдануға жететін дозаға тең, олардың қара нарықтағы жалпы құны 12 миллион теңге шамасында бағаланады.
Көлік полицейлерінің шапшаң әрі үйлесімді әрекетінің арқасында аса қауіпті есірткі заттың заңсыз айналымға түсуіне және азаматтардың денсаулығына зиян келуіне жол берілмеді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.
Ақтөбе қаласының №2 сотының шешімімен күдікті әйел кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кету керек, биылғы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаменті есірткіге қатысты 226 құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 35 – өткізу, 13 – аса ірі көлемде сақтау, ал 6 – контрабанда дерегі ретінде тіркелді.
Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 300 келіден астам есірткі тәркіленсе, соның 114 килограмы синтетикалық заттар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:57, 15 желтоқсан 2025
«Барыс» көшбасшысы сыртта өткен матч барысында жарақат алды
-
21:12, 15 желтоқсан 2025
Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлері аталды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда





