«Арзан екпелер балаларда ауру туындатады»: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі маңызды үндеу жасады

15:28, 5 қаңтар 2026

© Фото: akorda.kz

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан балалардың ауруына себеп болады деген "арзан вакциналарды сатып алу" туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және жалған екенін ресми түрде мәлімдеді.

Таратылған ақпарға сүйенсек, ҚР Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакциналар көпсатылы халықаралық және ұлттық сараптамадан өтеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) талаптарына және ұлттық заңнамаға сәйкес тіркеуден өтіп, қолдануға рұқсат алады.

Сондай-ақ, мамандар вакциналарды сатып алу "арзандық" қағидаты бойынша емес, сапа, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштеріне ғана негізделе отырып жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Сатып алу барысында келесі талаптар ескеріледі:

  • ДДҰ-ның квалификация алды өтуі немесе қатаң реттеуші бақылауы бар елдерде тіркелуі;
  • клиникалық зерттеулердің нәтижелері;
  • өндірістік тиісті практика (GMP) халықаралық стандарттарына сәйкестігі;
  • тіркеуден кейінгі қауіпсіздік мониторингінің деректері.

Министрлік вакциналар "балаларда ауру туындатады" деген мәлімдемелердің ешқандай ғылыми дәлелі жоқ және көпжылдық халықаралық бақылау деректеріне қайшы келетіндігін жеткізді.

Керісінше, вакцинация қауіпті жұқпалы аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді едәуір төмендетуге, мыңдаған ауыр асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алуға мүмкіндік берді.


"Министрлік медициналық білімі мен тиісті кәсіби құзыреті жоқ тұлғалардың мұндай мәлімдемелерді таратуы ата-аналардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсірететінін және балалардың денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін екенін атап көрсетеді". ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Ведомство Қазақстанда фармакологиялық қадағалау және жағымсыз реакцияларды мониторингтеу жүйесі жұмыс істейтіндігін еске салды. Оның аясында әрбір тіркелген жағымсыз жағдай мамандар тарапынан мұқият талданады. Қауіп анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жедел шаралар қабылданады.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне, дәрігерлердің ұсынымдарына және дәлелді медицина деректеріне сенуге, сондай-ақ балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Бұл ретте, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз",- деп қорытындылады мамандар.

Бұған дейін Қазақстанда құрылысқа арналған құжаттама беру цифрландырылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!