Арыстағы әскери бөлімде 3 адам қаза тапты - Қорғаныс министрлігі

17:29, 5 шілде 2024

© Сурет: рixabay

Бүгін, 2024 жылғы 5 шілдеде, Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапты. Оның ішінде екі азаматтық тұлға және бір келісімшарт бойынша әскери қызметші бар.

Оқиға жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде болды. Оған көмекке келген тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайдың нашарлауына байланысты жоғары жаққа көтеріліп шыға алмаған. Нәтижесінде үш адам сол жерде қаза тапты.

Тағы бір жұмысшы мен әскери қызетші Арыс ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Олардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі". Қорғаныс министрлігі

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ ӘТБ Шымкент бөлімімен ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды ("Еңбекті қорғау ережелерін бұзу").

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!