«Арсенал» «Қайратпен» кездесудің алдында Лига кубогында «Челсиді» жеңді

15:43, 15 қаңтар 2026

© Сурет: Instagram/arsenal

14 қаңтар түні Лондонда футболдан Англия Лига кубогының екінші жартылай финалдық ойыны өтті. Бұл кездесуде сырт алаңда ойнаған "Арсенал" құрамасы "Челсиді" 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Стэмфорд Бридж" стадионында есеп 7-минутта ашылды. Қонақтар сапынан қорғаушы Бен Уайт гол соқты. Екінші таймның басында Виктор Дьёкереш есепті екі есеге арттырды.

Дегенмен, арада көп өтпей челсилік Алехандро Гарначо есеп айырмасын қысқартты. Алайда арсеналдық Мартин Субименди қайтадан есептегі айырманы екі допқа жеткізді.

Кейінірек Алехандро Гарначо тағы бір допты дәл көздеді. Соған қарамастан, жеңіске жете алмады. Осылайша "Челси" өз алаңында 2:3 есебімен жеңілді.

"Қарсыласымыздың барлық қыры мықты болса да, сырт алаңда "Арсеналдың" көрсеткен ойынына қатты тәнтімін. Біз ойынды толық бақылауда ұстап, үш гол соқтық және тағы екі мүмкіндік болды – төртінші голды да соғуымыз мүмкін еді. Алаң иелерінің екінші добы ойынды сәл өзгертті, бірақ жалпы алғанда өте ризамын. Дегенмен бұдан да жақсы болуы мүмкін еді", – деді "Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета.

"Арсенал" мен "Челси" арасындағы қарымта матч 3 ақпанда өтеді.

Ал оған дейін, 28 қаңтарда, "Арсенал" УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің соңғы турында қазақстандық "Қайрат" командасымен ойнайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!