Апаттар мен бөгеттердің бұзылуы: Қазақстанда гидроқұрылыстарға ауқымды тексеріс басталды
© Фото: unsplash
Қазақстанда 2026 жылдың соңына дейін 105 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар коммуналдық меншіктегі 69 нысанды тексеруді көздеп отыр. Ал "Қазсушар" РМК республикалық меншіктегі 35 гидротехникалық нысан мен "Достық" мемлекетаралық гидроторабында көпфакторлы зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.
Көпфакторлы зерттеу су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Уақытылы тексерулер жөндеуді қажет ететін нысандарды анықтауға, сондай-ақ апаттар мен бөгеттердің бұзылу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Зерттеу қорытындысы бойынша нысанның қауіпсіздік декларациясы әзірленіп, тәуелсіз сараптамаға жолданады.
"Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде жалпы саны 557 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу көзделген. Су кодексіне сәйкес гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін мұндай зерттеулер әр бес жыл сайын жүргізілуі тиіс. Бұл мерзім алдыңғы тексерудің тіркелген күнінен бастап нақты есептеледі", – деді СРИМ Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Сағи Үтелов.
Бұған дейін Ақтөбені жаңбыр суы басып кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:46, 28 шілде 2026
Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
-
20:24, 28 шілде 2026
Қазақстан стенд атудан Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде сегізінші орын алды
-
19:52, 28 шілде 2026
Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
-
19:38, 28 шілде 2026
29 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:26, 28 шілде 2026
Алматының бір ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды





