Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалында ойнайды
© Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында Франция ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финалдық кездесуде Анна сербиялық Александра Круничпен бірге австралиялық-нидерландылық Эллен Перес / Деми Схюрс тандемін екі сетте қапы қалдырды. Тартысты өткен матч 6:4, 7:6 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды.
Енді Үлкен дулыға турнирінің шешуші бәсекесіне шығу үшін Данилина мен Крунич Жапония және Тайвань елінің өкілдері Сюко Аояма / Лян Энь Шо жұбымен шеберлік байқасады.
Сонымен қатар, Анна Данилина аралас сындағы (микст) бәсекесін аяқтады. 1/4 финалда Данилина мен америкалық Джеймс Трэйси жұбы қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:20, 4 маусым 2026
Алматы облысында дәрігерлер әйелді босандыру кезінде алты ісікті алып тастады
-
10:10, 4 маусым 2026
Алматыдағы танымал демалыс орындарының бірі жаңа қалқымалы арт-объектімен толықты
-
10:00, 4 маусым 2026
UFC-ден кеткен қазақстандық файтер жаңа келісімшартқа қол қойды
-
09:50, 4 маусым 2026
Қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық жарыстарда үш жүлдеге қол жеткізді
-
09:40, 4 маусым 2026
Астанада жаз соңына дейін қаланың көрікті нысандарының бірі жабылады





