Алматы әуежайында ұсталған бойжеткен 16 жылға сотталды

10:50, 3 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz

Көлік полицейлері Алматы әуежайында аса ірі мөлшердегі есірткі контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың желтоқсан айында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бангкок – Алматы бағытындағы рейспен келген Жамбыл облысының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

"Тексеру кезінде күдіктінің жүгінен жалпы салмағы 8 келі 879 грамм болатын гашиш майы есірткі заты табылып, тәркіленді",- делінген ақпаратта.
Алматы әуежайында ұсталған бойжеткен 16 жылға сотталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 10:50

Сурет: polisia.kz

Аталған дерек бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді. Тергеу барысында күдіктінің заңға қайшы әрекетке қасақана барғаны, материалдық пайда табу мақсатында алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізуге, сондай-ақ оларды сақтау мен жөнелтуге қатысқаны анықталды.

Осылайша, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін Ақтөбеде қоқыс маңынан табылған сәбиге Батыр есімі берілгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!