Қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық жарыстарда үш жүлдеге қол жеткізді
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық құрамасының үш спортшысы жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстарда жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елизавета Матвеева Кипрдің Лимасол қаласында өткен EKO Cyprus International Athletics Meeting турнирінде күміс медаль жеңіп алды.
Отандасымыз биіктікке секіру сайысында 185 сантиметр нәтижесін көрсетіп, екінші орынға ие болды.
Ал Кристина Овчинникова Польшаның Белосток қаласында ұйымдастырылған Mityng na Rynku w Białymstoku турнирінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазақстандық спортшы 187 сантиметр биіктікті бағындырып, қола медаль еншіледі.
Сондай-ақ Полина Иванова Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен World Athletics Challenger сериясында сырықпен секіру жарысында күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол 4,20 метр нәтижемен жарысты екінші орынмен аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:30, 4 маусым 2026
Мемлекеттік туды балкон мен үйдің қасбетіне ілуге болады: сарапшылар заң талаптарын еске салды
-
11:20, 4 маусым 2026
4 маусымда Астана мен Алматыда шетел валюталары қаншадан саудаланып жатыр
-
11:20, 4 маусым 2026
2026 жылғы 4 маусымға арналған Астана мен Алматыдағы валюта айырбастау пункттеріндегі курстар
-
11:10, 4 маусым 2026
Астанадағы Тілендиев даңғылы бір айға жабылады
-
11:00, 4 маусым 2026
Алматылық спортшы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды





