Жеңілдікпен әкелінген электромобильдерге қатысты шектеулер: көлікті кімдерге сатуға болмайды

13:10, 3 маусым 2026

© Фото: unsplash

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 3 маусымда қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады. Ведомстводағылар әкелінген электромобильдерге қатысты шектеулер жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департамент дерегіне сүйенсек:

"Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 35 Шешіміне сәйкес, 2022 жылғы 28 наурыз бен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген электромобильдерге қатысты шектеулер енгізілді".

Жаңа талаптарға сәйкес, мұндай электромобильдерді Ресей Федерациясының азаматтарына немесе онда тұрақты тұратын тұлғаларға иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге беруге жол берілмейді.

"Аталған шектеу көлік құралы еркін айналымға шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде немесе кедендік баждар мен салықтар толық көлемде төленгенге дейін қолданылады". Маңғыстау облысы бойынша МКД

Ведомствода атап өткендей, егер меншік иесі үш жылдық мерзім аяқталғанға дейін электромобильді сатуды, пайдалануға беруді, сенімхат рәсімдеуді, жалға беруді немесе оған қатысты өзге де құқықтарды жоғарыда аталған тұлғаларға беруді жоспарласа, кедендік баждар мен салықтарды заңнамада белгіленген тәртіппен алдын ала төлеуі қажет.

"Электромобильдерді сату, пайдалануға беру, сенімхат рәсімдеу, жалға беру және өзге де мәмілелер жасау кезінде аталған талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз".Маңғыстау облысы бойынша МКД

Бұған дейін Жамбыл облысында полиция бастығын ұстау сәті видеоға түсіп қалғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!