Алматыдағы танымал демалыс орындарының бірі жаңа қалқымалы арт-объектімен толықты

10:10, 4 маусым 2026

© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Терренкур демалыс аймағындағы көлде жаңа қалқымалы гүл композицияларымен толықты. Бұл туралы Eco Almaty ЖШС өкілдері айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көгалдандыру бағдарламасы аясында кәсіпорын мамандары көл бетіне сәндік қалқымалы гүлзарларды орнату жұмыстарын бастады.

"Түрлі-түсті гүлдерден жасалған композициялар көлдің көркін айшықтап, қаладағы танымал серуен орындарының бірі саналатын аумаққа ерекше сән беріп тұр. Қалқымалы гүлзарлар аумақты ландшафтық безендірудің жаңа құрылымына айналып, Алматы тұрғындары мен қонақтарының демалысын одан әрі жайлы етіп, аумақтың келбетін жаңаша аша түседі", – делінген хабарламада.

Eco Almaty мамандарының айтуынша, мұндай бастама қоғамдық кеңістіктердің эстетикалық тартымдылығын арттырып, қалалық ортаны дамытуға және тұрғындардың демалысына жайлы жағдай жасауға бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін Астанада жаз соңына дейін қаланың көрікті нысандарының бірі жабылатынын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!