Кипр президенті Астанаға жолаушылар рейсімен ұшып келді

11:41, 3 маусым 2026

© Сурет: Telegram/airastana

Кипр президенті Никос Христодулидис Ларнака – Астана бағыты бойынша жаңа рейстің алғашқы жолаушыларының бірі болды. Сапарды Air Astana әуекомпаниясы орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 3 маусымда әуекомпанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Кипр Президенті Никос Христодулидис 2 маусымда Air Astana әуекомпаниясының Ларнака – Астана бағыты бойынша жаңа рейсінің алғашқы жолаушыларының бірі болып, Астанаға ресми сапармен ұшып келді".
Кипр президенті Астанаға жолаушылар рейсімен ұшып келді , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 11:41

Сурет: Telegram/airastana

Атап өтілгендей, Кипрге маусымдық рейстер қыркүйек айына дейін Астана мен Алматыдан Airbus A321LR әуе кемесімен жасалады.

Кипр президенті Астанаға жолаушылар рейсімен ұшып келді , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 11:41

Сурет: Telegram/airastana

Ларнака қаласы – Кипрдің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан, елдің ірі қаржы орталықтарының бірі әрі аралдағы ең танымал туристік бағыттардың қатарына жатады.

Бұған дейін жазғанымыздай, 3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды. Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!