Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Кипр президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп, Никос Христодулидистің елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
"Мемлекеттеріміздің ынтымағын көздеген ниетіңіз үшін Сізге шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Қазақстандықтар Сізді айнымас дос әрі халықаралық деңгейдегі беделді мемлекеттік қайраткер ретінде таниды. Белсенді қызметіңіздің арқасында өзара сенім, саяси диалог және ынтымақтастығымыз нығая түсті. Ортақ күш-жігер арқылы қарым-қатынасымызға тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз деп сенемін. Қазақстан мен Кипр арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесіңізге шексіз құрметтің белгісі ретінде Сізге І дәрежелі "Достық" орденін табыстау жөнінде шешім қабылдадым. Бұл орден атауы айтып тұрғандай, достықты, Қазақстан мен Сіздің еліңіздің арасындағы қарым-қатынастың негізі саналатын сенім мен серіктестік рухын сипаттайды. Жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін! Достас Кипр халқының игілігі мен өркендеуі жолында жетістіктерге жете беріңіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде, Кипр президенті жоғары награданы табыстағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.
"Марапатты екі ел арасындағы достықтың нышаны ретінде Кипр халқының атынан қабыл аламын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Бүгінгі сапар перспективті салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолындағы ортақ мүдде мен мықты саяси ерік-жігерімізді паш етеді", – деді Никос Христодулидис.
Бұған дейін Тоқаев Қазақстан мен Кипр арасындағы 2028 жылға дейінгі ынтымақтастықтың жаңа жоспарын ұсынғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:58, 3 маусым 2026
Қазақстан мен Кипр президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
-
16:43, 3 маусым 2026
Жаңбыр жауса да, аптап ыстық сақталады: Алматы, Астана мен Шымкентте ауа температурасы жоғарлайды
-
16:25, 3 маусым 2026
Ғимараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру ережелері жаңартылды
-
16:08, 3 маусым 2026
Қазақстан пен Кипр президенттері бірқатар мәселе бойынша уағдаласты
-
15:50, 3 маусым 2026
3 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллар мен рубль арзандады





