Астанада жаз соңына дейін қаланың көрікті нысандарының бірі жабылады
© Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылғы 5 маусым мен 15 тамыз аралығында елордадағы "Астана жұлдызы" монументі келушілер үшін жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан нысанда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
"Жұмыстар тарихи-мәдени мұраны сақтау және нысанның тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған", – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.
"Астана жұлдызы" монументі – биіктігі 40 метр болатын алтын түстес стела. Оның тұғырында үш қола тұлпар бейнеленген. Ескерткіш қола, металл, алтын жалатылған элементтерден және мәрмәр материалдарынан жасалған.
Монументтің салтанатты ашылуы 2007 жылғы 6 тамызда өткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:30, 4 маусым 2026
Мемлекеттік туды балкон мен үйдің қасбетіне ілуге болады: сарапшылар заң талаптарын еске салды
-
11:20, 4 маусым 2026
4 маусымда Астана мен Алматыда шетел валюталары қаншадан саудаланып жатыр
-
11:20, 4 маусым 2026
2026 жылғы 4 маусымға арналған Астана мен Алматыдағы валюта айырбастау пункттеріндегі курстар
-
11:10, 4 маусым 2026
Астанадағы Тілендиев даңғылы бір айға жабылады
-
11:00, 4 маусым 2026
Алматылық спортшы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды





