Мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровты және қырғыз халқын бауырлас елдің 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлады 2026 жылы 3 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі.
"Бұл айтулы оқиға Қырғызстан және тұтас Орталық Азия елдері үшін тарихи мәнге ие. Қырғыз Республикасы Президентінің басшылығымен жүргізіліп отырған жасампаз әрі сындарлы саясаттың нәтижесінде Қырғызстанның халықаралық аренадағы беделі жоғары деңгейде танылды. Қазақстан Қырғыз Республикасының кандидатурасын дәйекті түрде қуаттады әрі осы жауапты миссияны атқаруда алдағы уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қырғызстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына табыс тілеймін!", делінген жеделхатта.
Бұған дейін Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 3 маусым 2026
Алматыда жүк көліктеріне қатысты бақылау күшейтілді
-
22:27, 3 маусым 2026
Алматыда күмәнді тіл үйрету курсын жарнамалаған әншілердің басы дауға ілікті
-
21:46, 3 маусым 2026
World Boxing әуесқой боксшылардың әлемдік рейтингін жариялады. Тізімде қазақстандық боксшылар да бар
-
21:39, 3 маусым 2026
Синоптиктер болжамы: бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт нашарлайды
-
20:51, 3 маусым 2026
Ақмолалық азамат гүлге жұмсаған 7,5 мың теңгесін кері қайтаруды талап етті





