Алтын бағасы қарқынды өсіп жатыр

09:11, 23 желтоқсан 2025

© Фото: пресс-служба Национального банка РК

2026 жылғы ақпанда жеткізілетін алтын фьючерсінің Comex биржасындағы (Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі) бағасы тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, бір трой унциясы 4 450 доллардан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда алаңының деректеріне сәйкес, Қазақстан уақытымен сағат 11:55-те қымбат металдың бағасы 1,46%-ға өсіп, бір трой унциясы 4 451,3 долларды құрады.

Ал 11:59-да алтын бағасының өсу қарқыны үдеп, бір унциясы 4 451,6 долларға жетті (+1,47%).

2025 жылдың басынан бері алтын фьючерсінің бағасы 62,82%-ға, ал күміс фьючерсінің құны екі еседен астам, яғни 137,27%-ға өскен.

Бұған дейін Өскемен қаласында зергерлік дүкенде болған оқиға хабарланған еді: әшекей бұйыммен келген сатып алушы сатушыны алдап, "тегін" алтын сақина алып кеткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!