Алматының Бостандық ауданының инженерлік инфрақұрылымы қалай дамып жатыр
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл шілде айында Жароков, Науаи, Тимирязев, Сәтбаев, Марков көшелері мен Алмагүл шағын ауданында 6,3 км су құбырды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл 80 мыңға жуық аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы жылдың қазан айында Жандосов, Бұқар Жырау, Тимирязев көшелері мен Орбита-2 шағын ауданында тағы 1 км су және кәріз желілерінің жаңғырту жұмыстары аяқталады.
2025 жылдың ІІ тоқсанында Ерменсай шағын ауданын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін жаңа су жинағыштың құрылысы жоспарланып отыр. Сондай-ақ сол кезеңде Нұрлытау шағын ауданында 62 км су және 34 км кәріз желілерін салу басталады. Бұл жобалар Бостандық ауданының оңтүстік бөлігіндегі 25 мыңнан астам тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жылыту маусымы басталғанға дейін Қожанов, Серкебаев, Есқараев, Байқадамов, Жандосов, Манас, Байзақов көшелерінде және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында 5,3 км жылу желілерін қайта жаңарту аяқталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:57, 16 қыркүйек 2024
Қазақстан қалаларының бірі ерекше мәртебеге ие болады
-
13:43, 16 қыркүйек 2024
Алдағы күндері республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
-
13:31, 16 қыркүйек 2024
Түркістанда жергілікті атқарушы органдардың нашақорлыққа қарсы форумына 1000-нан астам адам қатысты
-
13:25, 16 қыркүйек 2024
Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды
-
13:17, 16 қыркүйек 2024
Экипаж мүшелерінің ұшу алдындағы медициналық тексерісі жаңа форматқа ауыстырылды