Алматының Бостандық ауданында 150 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

09:43, 6 қыркүйек 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Бостандық ауданында жаңа кәсіпкерлік нысандарында 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы баяндады.

Аудан қалада инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр. Биылғы жылдың 7 айында 150 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.

Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8%-ға өсіп, 64 717-ге жетті. Бұл 5 мыңнан астам тұрғынды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. Салық түсімі 34%-ға өсіп, 320 млрд теңгеге жетті.

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге аудан бюджеті маусым айында 32%-ға ұлғайып, 29,1 млрд теңге болды. Қаражат инженерлік желілерді жаңғыртуға, көлік жүйесін дамытуға және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!