Алматылық зейнеткерлер скандинавиялық серуендеуді қоқыс жинаумен ұштастырды

14:37, 22 қазан 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері мен қызмет алушылары "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық бастамасы және "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында өтіп жатқан "Жарқын күз" күзгі науқанын қолдады.

Науқан аясында "Тазалық – баршамызға ортақ іс" атты спорттық плоггинг өтті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері мен қызмет алушылары скандинавиялық серуендеуді қаладағы саябақтар мен скверлерде қоқыс жинаумен ұштастырды.

Қарт алматылықтар "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанын жалғастырғаны үшін қала билігіне алғыс айтып, жас ұрпақты сүйікті қаласын таза ұстап, қорғауға, үйлерінің аумағын күтіп-баптауға шақырды.

"Қала тазалығы баршаға керек және бұл ортақ іс", – дейді зейнеткерлер.

Айта кетейік, Республика күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының барлық бөлімшесінде мерекелік концерттер өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!