Алматыдағы метро депосының аумағында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді
© Фото: pexels
22 мамырда Беларусь көшесі, 15 мекенжайында орналасқан Алматы метрополитені депосының аумағында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі ведомствоның ақпаратына сүйенсек, оқу-жаттығу кезінде метро пойыздарының қозғалысына шектеу қойылмайды.
Шара адам көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің алдын алу үшін механизмді жетілдіруге бағытталған.
"Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздеріне ғана сеніп, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керектігін ескертеміз", - делінген ақпаратта.
Мұнымен қоса, ведомство ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды.
Бұған дейін Астанада ат спортынан әлемдік деңгейде бірнеше жарыс өтетіндігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:02, 9 маусым 2026
Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті
-
22:07, 9 маусым 2026
Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті
-
21:58, 9 маусым 2026
Алматыда полиция жүк тасымалына бақылауды күшейтті
-
21:12, 9 маусым 2026
10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:49, 9 маусым 2026
Қостанай облысындағы трассада болған жол апатынан екі адам қаза тапты





