Алматыда жүргізуші қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
© Фото: unsplash
Алматыда "Москва" сауда ойын-сауық орталығының маңында Kia K5 көлігінің жүргізушісі қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жәбірленуші жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиғаның мән-жайын Threads әлеуметтік желісінде aliiushaaa лақап атымен тіркелген жәбірленуші бөлісті. Қыздың айтуынша, соққыдан кейін ол қатты есеңгіреп қалған, ал үйіне барған соң есінен танып қалған.
Тек түнде танысы оны ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер алған жарақаттарын тіркеген.
"Жүргізуші көліктен түсіп, бамперін қарап, бәрі дұрыс па, соны тексерді. Мен айқайлап, кешірім сұрауын талап еттім. Ол маған: "Қарау керек", – деп жауап берді де, көлігіне отырып, кетіп қалды. Соққыдан мені біраз жерге лақтырып жіберді. Қазір ақсап жүрмін, арқам ауырады", – деп жазды ол.
Қыз көлікті суретке түсіріп үлгерген. Сондай-ақ кінәлі жүргізушіні жауапқа тартуға ниетті екенін мәлімдеді.
Оқиғаға қаланың құқық қорғау органдары да пікір білдірді. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 14 қазанда сағат 21:31 шамасында болған.
"Абай даңғылында, "Москва" сауда-ойын-сауық орталығының қарсы бетінде Kia K5 маркалы автокөліктің жүргізушісі артқа қарай қозғалып бара жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші №7 қалалық клиникалық ауруханаға медициналық көмекке жүгінді. Әкімшілік материалдар қарау үшін сотқа жолданады", – деп хабарлады ведомство өкілдері 2026 жылғы 17 қазанда Zakon.kz тілшісіне.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:49, 17 қазан 2026
Бейбіт Жұқаев Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңіндегі өнерін аяқтады
-
16:13, 17 қазан 2026
Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті
-
16:00, 17 қазан 2026
Астанада әйелді аңдып, интимдік жерлеріне қол тигізген ер адам қамауға алынды
-
15:42, 17 қазан 2026
Пәкістандағы қайғылы оқиға: Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады
-
15:42, 17 қазан 2026
Тоқаев Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады





