Әл-ауқат санаттарын анықтайтын калькулятор қателескен жағдайда не істеуге болады

17:56, 16 қазан 2026
MKZ: 1572816

© Сурет: pexels

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықпаев 16 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықтың әл-ауқат санаттарының калькуляторы қателік жіберген жағдайда қазақстандықтар қандай шара қабылдау керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, калькулятор есептейтін деректер eGov сайтынан алынады.

"Бәріміз де eGov, eGov Mobile жүйелерін біраз уақыттан бері сәтті пайдаланып келеміз. Онда "Жеке кабинет" деген тамаша бөлім бар, онда, негізінен, өз жағдайыңызды, мүліктеріңізді, ақшаны көре аласыз: кімсіз, қайда тіркелгенсіз, қандай көлігіңіз, мүлігіңіз бар, тіркеу мекенжайыңыз, біліміңіз және т.б. Яғни, егер жеке кабинеттен сәйкессіздікті байқасаңыз, мәліметтерді сол жерден өзгертіп, өзектендіре аласыз", – деді Жазықпаев.

Ол бұл үшін түзету сервисіне өтінім беру қажеттігін айтады.

"Егер сіздің атыңызда шын мәнінде жоқ көлік тіркелген болса, оны өзіңіздің атыңыздан сызып тастай аласыз (есептен шығарасыз). Яғни, мұндай тетіктер бұрыннан бар және жұмыс істеп тұр", деп сендіреді вице-министр.

Бұған дейін министр әл-ауқат санатттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алатынын-алмайтынын айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!