Алматыда жол үстінде дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

21:39, 20 желтоқсан 2024

© Сурет: polisia.kz

Алматы жолдарында дрифт жасап, айналасына қауіп төндірген 20 жастағы жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Полицейлер Алматының Алатау ауданында 19 желтоқсанда кешкісін жол қозғалысы ережесі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелгенін хабарлады.

"Жергілікті полиция қызметкерлері құқық бұзушыны құрықтап, ұсақ бұзақылық, апаттық жағдай туғызғаны және сақтандыру полисінің жоқтығы үшін жауапкершілікке тартты", делінген полиция хабарламасында.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 20 жастағы құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!