Алматыда жол салу үшін жеті жер телімі күштеп тәркіленеді
© Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 9 шілдедегі "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы қаласы Алатау ауданы "Алғабас" ықшамауданында орналасқан жол салу үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты 7 (жеті) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау", – делінген құжатта.
Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2027 жылдың 31 желтоқсанына белгіленді.
"Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
- заңда белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне өтемақы төлеудi қамтамасыз етуге;
- жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін жер учаскелерін "Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балансына өткізсін.
Алып қоюға жататын жер учаскелерінің тізбесі қосымшада келтірілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
-
18:11, 16 желтоқсан 2025
Қостанайда көпқабатты үйде жиһаз өртеніп, түтін толған ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды





