Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
© Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған Mercedes көлігінің жүргізушісін анықтап, жауапқа тартты.
Құқық бұзушы әкімшілік кодекстің жеті бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Ол маневр жасау ережелерін бұзған, көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған, апатты жағдай туғызған, көлік құралдарын пайдалану ережелерін сақтамаған, көлікті басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған және пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданған.
"Бұл әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 95 айлық есептік көрсеткішті (373 540 теңге) құрайтын айыппұл салынды. Сонымен қатар тәртіп бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де жауапқа тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды. Mercedes көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды", – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Алматы полициясы "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда. Сонымен бірге азаматтарға жол ережелерін қатаң сақтауды және әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігін күшейтуді ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:16, 9 қаңтар 2025
Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты
-
20:19, 9 қаңтар 2025
БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған
-
19:56, 9 қаңтар 2025
10 қаңтарда Астанада, Алматыда және 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
19:24, 9 қаңтар 2025
Ұлытау облысында мал ұрлығы ашылды: күдіктілер ұсталды
-
19:11, 9 қаңтар 2025
Пойыз тамбурының әйнегін сындырған мас жолаушы 300 мың теңге айыппұл арқалады