Абай облысында су тасқыны кезінде бүлінген көпір қалпына келтірілді

10:22, 9 қаңтар 2025

© Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысында Боғас өзеніне уақытша өткел салынып, қатынас қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімдігінің ақпаратынша, 2024 жылғы тасқын "Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті" аудандық маңызы бар тасжолындағы көпірдің бүлінуіне әкелген еді. Алайда шұғыл шешімдердің нәтижесінде Боғас өзеніне уақытша өткел салынып, қатынас қалпына келтірілді.

"Бүгінде көпір қалыпты жұмыс істеп тұр", делінгена ақпратта.

Аталған көпір арқылы Кіндікті, Алғабас ауылдарына және Ырғызбай ата кесенесіне баратын жолаушылар қатынайды. Жалпы Кіндікті ауылдық округінде 631 адам тұрады. Ырғызбай әулие кесенесіне жылына алты мыңға жуық турист келеді.

Бұған дейін Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы пара алу кезінде ұсталғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!