Ұлытау облысында мал ұрлығы ашылды: күдіктілер ұсталды

19:24, 9 қаңтар 2025

© Фото: zakon.kz

Қаңтар айының басында Сәтбаев қаласында жеке шаруашылықтардан ірі қара малдың ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгісіз біреулер саяжайларда орналасқан қоралардан сиырларды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұрлық туралы алғашқы хабарлама 2 қаңтарда түсті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктілер тобын ұстады. Олардың арасында жәбірленушінің көршілері де болғаны анықталды.

Күдіктілер түнде қораға кіріп, сиырларды алып шығып, қаладан 5 шақырым қашықтықта апарып сойған.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!